«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 тамыздағы № 723 Қаулысы

 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 тамыздағы № 723 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:

«9-2) агроөнеркәсіптік кешен саласына инвестициялар тартады, сондай-ақ инвестициялық жобаларды сүйемелдейді;»;

мынадай мазмұндағы 41-1), 41-2) және 41-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«41-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға арналған үлгілік біліктілік талаптары негізінде «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

41-2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

41-3) мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидалары негізінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекітеді;»;

284) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«284) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;

325) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«325) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.