«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 29 бұйрығы
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрамына:
Байжанов Ұлан Сапарұлы - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры;
Төлебаев Қазбек Ағабылұлы - С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ректорының міндетін атқарушы енгізілсін;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтар топтары бойынша оқу-әдістемелік секцияларының тізбесінде:
реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын: