«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 949 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 311 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүктелсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында:
«Бағдарлама Паспорты» деген 1-бөлімде:
мына:
«