«Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 61 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрақты құрам - оқушылардың контингентіне ОРММИК және СДБМИ директорының бұйрығымен қабылданған спортшылар;
2) оқушы - ОРММИК және СДБМИ-де білім алатын тұлға;
3) топтар (оқу кезеңдері бойынша) - оқу-жаттығу топтары, спорттық жетілдіру топтары және жоғары спорт шеберлігі топтары;
4) үміткерлердің резервтік тізімі - тұрақты құрамға кірмеген ОРММИК мен СДБМИ түсуге үміткерлер, санды кему тәртібімен жиналған баллдардың сомасы бойынша.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтарымен толықтырылсын: