«Медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-139/2020 бұйрығы

Медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-139/2020 бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7 - бабының 45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 12 ақпандағы № 75 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8385 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 24 тамызда № 197 (28136) жарияланған);

2) «Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 12 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18640 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 17 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.