«Мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 380 бұйрығы

Мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 380 бұйрығы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-3-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.