«2026 – 2028 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 35/310 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2026 жылғы 26 ақпандағы № 37/335 шешімі

«2026 - 2028 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 35/310 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2026 жылғы 26 ақпандағы № 37/335 шешімі

 

Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «2026 - 2028 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 35/310 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026 - 2028 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 54 210 341,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 52 141 314,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 145 637,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 782 621,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша -1 140 769,0 мың теңге;

2) шығындар -53 623 749,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу -91 866,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 138 400,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 46 534,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 800 000 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 800 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -305 274,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 305 274,0 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері - 138 400,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 524 570,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 691 444,0 мың теңге.»;

2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2. 2026 жылға арналған қалалық бюджеттен ауылдардың бюджеттеріне 3 344 370,0 мың теңге сомасында субвенция бөлінгені ескерілсін, оның ішінде:

Теңге ауылы - 870 904,0 мың теңге;

Қызылсай ауылы - 731 363,0 мың теңге;

Рахат ауылы - 708 248,0 мың теңге;

Кендірлі ауылы - 1 033 855,0 мың теңге.»;

көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.