«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 623 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 793 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 623 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14276 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тапсырыс беруші мыналарға:
1) сәйкестік нысанасында тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген поездарды зерттеп-қарауды жүргізуге:
осы Шартқа және осы Шарттың 6-1-тарауына сәйкес жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттардың өзектілігіне;
«Халыққа кызмет көрсету. Жолаушылар поездарында жолаушыларға қызмет көрсету» Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына;
2) орындаушы дамудың негізгі талаптарын, бағаның (тарифтің) негізгі талаптарын, тасымалдаудың негізгі талаптарын және осы Шарттың 7-тармағының 6) және 10) тармақшаларын орындамаған жағдайда осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Орындаушы:
1) Тапсырыс берушіден осы Шартпен көзделген субсидияны төлеуді талап етуге;