«Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 11 шілдедегі № 19 бұйрығы (күші жойылды)

 «Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 11 шілдедегі № 19 бұйрығы

 

4-тармаққа сәйкес 2025 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19947 болып тіркелген) келесі толықтырулар:

көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы:

мынадай мазмұндағы 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:

«21) «Кәсіпорындардың қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы» (индексі КО-6, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес;

22) «Кәсіпорындардың қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы» (индексі КО-6, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес.»;

осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 21 және 22-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.