«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 247/ке-қа бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департментінің штатына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 826/қбп-қа бұйрығымен бекітілген жүргізілген ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Темір аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, қалалық типтегі Шұбарқұдық кенті. Қызмет көрсету аймағы - Темір ауданы;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: