«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 667 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 667 бұйрығы

 

1. «Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Оқуға қабылдау әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - құрылымдық бөлімше) жасайтын, ҚР ҚМ бекіткен Қабылдау жоспарына сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ҚР ҚМ ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына (бұдан әрі - әскери институт) даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша қысқартылған оқу мерзімі бар білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдауды қоспағанда, 1 наурызға дейін жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Әскери институттарға даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқудың қысқартылған мерзімі бар білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау әскери институттарда өткен жылы қабылданған білім алушылармен жасақталмауын ескере отырып, құрылымдық бөлімше жасайтын, ҚР ҚМ бекіткен Қабылдау жоспарына сәйкес қабылдау жылының 1 маусымына дейін жүзеге асырылады.»;

1-тармақтың жетінші абзацы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

22, 23, 24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.