«Цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктің тізбесін (түрлерін), Цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде әрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 77 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

Цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктің тізбесін (түрлерін), Цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде әрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 77 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларына және 6-бабы 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктің тізбесі (түрлері);

2) Цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде әрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу және сақтау қағидалары бекітілсін.

2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.