«Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 19-2/510 бұйрығы (күші жойылды)

Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 19-2/510 бұйрығы

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 37 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 105-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарын пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

2015 жылғы 23 маусым

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2015 жылғы 07 шілде

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.