(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛ...

Предыдущая страница

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін бақылау;

7) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) құзыреттер шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымын бақылау жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары шеңберінде:

1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;

2) салықтық нысандарды қабылдау;

3) камералдық бақылау;

4) салықтық мониторинг;

5) салықтық зерттеп-қарау;

6) этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртінің есепке алынуын бақылау;

7) 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8) тауарлардың айналымын қадағалап отыру жүзеге асырылады.

5-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

5. Уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп камералдық бақылау, салықтық тексеру жүргізудің ерекше тәртібін және өздеріне қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлғалар тізбесін айқындайды.

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Салықтық тексеру жүргізудің жалпы тәртібі осы Кодексте, сондай-ақ осы Кодекспен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.

7. Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері осы Кодексте айқындалады.

8. Кеден органдары өз құзыреті шегінде осы Кодекске, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуiмен байланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

 

70-бап. Салықтық зерттеп-қарау

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау мақсатында салық органы жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың өзге нысаны салықтық зерттеп-қарау болып табылады.

Салықтық зерттеп-қарау салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жұмыс уақытында жүргізіледі.

Салықтық зерттеп-қарауды жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен куәгерлер тартылады.

2. Салықтық зерттеп-қарауды жүргізу үшін:

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру жүргізу туралы хабарламаны, нұсқаманы, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны, салықтық тексерудің алдын ала актісін, салықтық тексеру актісін, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін табыс етудің мүмкін болмауы;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жерінде болмауы себебіне орай салық органы хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген хабарламаны пошта немесе өзге байланыс ұйымының қайтаруы негіз болып табылады.

Бұл ретте салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты осы тармақшада көзделген негіз бойынша салықтық зерттеп-қарау осындай хатты пошта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күннен кейін жүргізіледі.

Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 115-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда қолданылмайды;

3) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау қажеттігі негіз болып табылады.

Салықтық зерттеп-қарау жүргізу үшін осы тармақшада көзделген негіз осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған салық төлеушілерге, сондай-ақ банкроттық рәсімі қолданылған салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды;

4) осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны орындамаған салық төлеушінің, сондай-ақ осы Кодекстің 91-бабына сәйкес әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушінің іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау қажеттігі негіз болып табылады.

3. Салықтық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша салықтық зерттеп-қарау актісі жасалады, онда:

жасалған жері, күні мен уақыты;

актіні жасаған салық органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

салық органының атауы;

тартылған куәгердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;

салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;

салықтық зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.

Салық органы салық төлеушiнiң тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерiнде оның жоқ екені анықталған салықтық зерттеп-қарау актісін жасаған күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей, осындай салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрiн атауын немесе тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), салықтық зерттеп-қарау актiсiн жүргiзу күнiн көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырады.

4. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша жүргізілген салықтық зерттеп-қарау нәтижесінде салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде іс жүзінде жоқ екені анықталған жағдайда, салық органы мұндай салық төлеушіге салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқ екенін) растау туралы хабарлама жібереді.

2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық органына өзі келу тәртібімен салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттардың көшірмелерін және түпнұсқасын (салыстырып тексеру үшін) немесе құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салықтық зерттеп-қарау кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсінік ұсынуға міндетті.

Мынадай құжаттардың бірі:

жылжымайтын мүлікке меншік (оны пайдалану) құқығын растайтын құжат;

орналасқан жері ретінде мәлімделген жылжымайтын мүлік меншік құқығында болатын жеке тұлғаның жазбаша келісімі салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.

Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың көшірмесін нотариат куәландыратын және оны салық органына ұсынатын күндер арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған жағдайда, салық органы мынадай әрекеттердің бірін жүзеге асырады:

1) осы Кодекстің 118-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мұндай салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады;

2) жазбаша түсінік ұсыну үшін осы тармақта белгіленген мерзімнің соңғы күніне мұндай салық төлеушіде ашылған банктік шоттар болмаған жағдайда, осы Кодекстің 85-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.

6. Осы баптың 5-тармағы төртінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, салық төлеуші өзінің банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына өзі келу тәртібімен салықтық зерттеп-қарау кезінде орналасқан жерінде болмау себептері туралы жазбаша түсінік ұсынуға міндетті.

Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 85-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен мұндай салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.

 

71-бап. Куәгерлердің қатысуы

1. Салық органдары лауазымды адамдарының мынадай әрекеттер жасауы:

1) салық органдары лауазымды адамының салықтық мiндеттемені орындау жөнiндегі хабарламаны, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмді, мүлiкке билік етуді шектеу туралы шешiмді, мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн, салықтық тексеру жүргiзу туралы хабарламаны, нұсқаманы, салықтық тексеру актiсiн және осы Кодексте көзделген салық органдарының өзге де құжаттарын табыс етуі;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу;

3) салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлiкке оның орналасқан жеріне қарамастан, нұсқаманың негiзiнде жүргізілетін зерттеп-қарау;

4) нұсқаманың негiзiнде салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде осы Кодексте айқындалған тәртіппен арнайы құралдарды (фото-, аудио-, бейнеаппаратураларды) қолдана отырып түгендеу жүргiзу;

5) салықтық зерттеп-қарау өздерінің талап етуі немесе салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Куәгерлер ретінде салық органдары лауазымды адамының және салық төлеушiнің (салық агентінің) әрекеттері нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем болмайтын кәмелетке толған, әрекетке қабілетті азаматтар тартылуы мүмкін.

3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының және өзіне қатысты әрекет жүргізіліп жатқан салық төлеушi (салық агенті) жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.

4. Куәгерлер әрекеттер жасалған кезде өздері қатысқан, салық органдарының лауазымды адамы жасайтын хаттамада (актіде) тіркелген, салық органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеушi (салық агенті) әрекеттерінiң фактісін, мазмұнын және нәтижелерін куәландырады.

5. Куәгер жасалған әрекеттерге байланысты ескертулер жасауға құқылы. Куәгердің жасаған ескертулері салық органдарының лауазымды адамы жасаған хаттамаға (актіге) енгізілуге жатады.

6. Салық органдарының лауазымды адамы куәгерлердің қатысуымен жасайтын хаттамада (актіде):

1) хаттаманы (актіні) жасаған салық органдары лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

2) салық органының атауы;

3) әрекет жасалған жер мен күн;

4) әрекетке қатысқан немесе ол жүргізілген кезде болған әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі;

5) әрекеттің мазмұны мен оны жүргізудің жүйелілігі;

6) әрекеттің басталған және аяқталған уақыты;

7) әрекет жасалған кезде анықталған фактілер мен мән-жайлар көрсетіледі.

7. Салық органдарының лауазымды адамы әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған барлық адамды хаттамамен (актімен) таныстыруға міндетті. Хаттамамен (актімен) таныстырғаннан кейін салық органдарының лауазымды адамы, сондай-ақ әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған барлық адам хаттамаға (актіге) қол қояды.

8. Әрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтер, бейнежазбалар немесе басқа да материалдар (олар болған жағдайда) хаттамаға (актіге) қоса беріледі.

9. Салық органдарының лауазымды адамы осы бапта айқындалған тәртіппен жасаған хаттама (акт) осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасау фактісін тіркейді және растайды.

 

72-бап 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

72-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, жанама әдіспен де айқындау жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен анықтығын айқындау мақсатында, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша салықтық міндеттеменің туындауына алып келетін уәкілетті органдар мен үшінші тұлғалардың деректері бойынша жеке тұлғаға қатысты салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында қолданылады.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Кодексте көзделген салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ уәкілетті органдар мен үшінші тұлғалардың деректері осы Кодекстің 48-бабында белгіленген салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзіміне қарамастан, жеке тұлғаның шығыстарын жүзеге асыруға бағытталған кірістерді растау үшін ескерілуі мүмкін.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы Кодексте көзделген салық декларацияларында көрсетілген мынадай:

1) шет мемлекеттегі, оның ішінде осы Кодекстің 294-бабына 3-тармағына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын шет мемлекеттегі мүлік туралы;

2) дебитор және (немесе) кредитор болып табылатын жеке немесе заңды тұлға шет мемлекетте, оның ішінде осы Кодекстің 294-бабының сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын шет мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген жағдайда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) туралы мәліметтер шет мемлекеттің құзыретті органы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берген растау құжаттары болғанда ғана жеке тұлғаның шығыстарын жүзеге асыруға бағытталған кірістерді растау үшін ескерілуі мүмкін.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, жанама әдіспен де айқындау мақсатында салық органдары уәкілетті органдардан, екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, үшінші тұлғалардан, шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан және басқа да ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді пайдаланады.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Осы баптың күші дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты олардың осындай қызметті жүзеге асыруынан түскен кірістерді айқындау бөлігінде қолданылмайды.

6. Егер жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсетілген кірістері оның шығыстарына, оның ішінде мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарына сәйкес келмеген жағдайда, салық органдары жеке тұлғаларға салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында жеке тұлғаның кірісін айқындаудың мынадай жанама әдіс түрлерін қолдануға құқылы:

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) активтердің құн өсімі әдісі салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде жеке тұлғада мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті сатып алуға жұмсалатын шығыстар болған жағдайда пайдаланылады.

Бұл әдіс осы тармақшада көрсетілген мүліктің белгілі бір кезеңдегі өсім құнын салық декларацияларында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шығындарды есепке алу әдісі салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде жеке тұлғада осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстар болған жағдайда пайдаланылады.

Бұл әдіс жеке тұлғаның осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстарын салық декларацияларында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) банктік шоттардағы қаражаттың қозғалысын есепке алу әдісі салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде жеке тұлғада екінші деңгейдегі банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтары өзгерген жағдайда пайдаланылады.

Бұл әдіс екінші деңгейдегі банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтарының өзгеруін салық декларацияларында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады.

7. Салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде салық органдары қажет болған жағдайда осы бапта айқындалған әдістер жиынтығын пайдалануы мүмкін.

8. Осы бапта айқындалған әдістер қолданылған кезде салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында жеке тұлғаның міндеттемелері ескеріледі.

9. Осы бапта көрсетілген әдістермен жеке тұлғаның кірістерін айқындау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

73-бап. Салық төлеушілерге жәрдемдесу

1. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне):

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру;

2) салықтық міндеттемені орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді ұсыну;

3) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша электрондық төлем құжатын қалыптастыра отырып, электрондық нысанда салықтық есептілікті, осы Кодексте белгіленген өзге де есептілікті ұсыну үшін бағдарламалық қамтылымды беру;

4) жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерінің бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну;

5) салық органдарының интернет-ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

6) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

6) салық органдарының ұтқыр топтарының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауы жолымен жәрдемдеседі.

Осы Кодекстің мақсаттары үшін салық органдарының қызметкерлерінен тұратын, жеке тұлғалардың декларацияларын жасау бойынша консультация беретін және салық төлеушілердің жекелеген санаттарынан осындай декларацияларды қабылдауды жүзеге асыратын көшпелі топ салық органдарының ұтқыр тобы болып табылады;

7) салық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу;

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізу;

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9) сервистік бағдарламалық өнімдер арқылы, оның ішінде басшыға және (немесе) бюджетпен есеп айырысулар бойынша жауапты жұмыскерге ақпараттық хабарлар жіберу жолымен жәрдемдеседі.

Осы тармақшаның ережелері ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.

2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін және оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты олардың назарына жеткізу жолымен хабардар болуын арттыру мақсатын көздейді.

Салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттауды семинарлар, отырыстар, салық төлеушілермен (салық агенттерімен) кездесулер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стендтерді, буклеттерді және өзге де баспа материалдарын, сондай-ақ бейне-, аудио- және ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдарды, телефон және ұялы байланыс құралдарын пайдалана отырып ақпаратты орналастыру жолымен жүзеге асырады.

3. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) төлем құжатын толтыру тәртібі туралы, төлем құжатын толтыруға қажетті деректемелер туралы мәліметтерді қоса алғанда, салықтық міндеттемені орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді ұсынады.

4. Бағдарламалық қамтылым оны орнату жөніндегі нұсқаулық материалымен қоса беріледі, бұл салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуге арналған электрондық төлем құжатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

5. Салық органдары жеке тұлғаларға салық органдарының жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салықтық міндеттемелерінің сомалары және (немесе) салықтық берешектің бар сомасы туралы мәліметтерді:

1) салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;

2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді беруші есеп айырысулар үшін қолданатын құжаттарда көрсету;

3) салық төлеушінің электрондық поштасының мекенжайларына жіберу;

2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне қысқа мәтіндік хабар жіберу;

2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5) салықтық мобильдік қосымша арқылы жіберу жолымен ұсынады.

Осы көрсетілетін қызметтерді алу үшін салық төлеуші тұрғылықты жеріндегі салық органына жазбаша нысанда электрондық поштасының мекенжайын, ұялы телефондарының нөмірлерін береді.

6. Салық органдары салық төлеушілердің (салық агенттерінің) интернет-ресурстар арқылы тегін негізде ақпарат алуына көмек көрсетеді.

 

 

9-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНДА ТІРКЕУ

 

74-бап. Жалпы ережелер

1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорын қалыптастыру жолымен салық төлеушілердi есепке алуды жүргізеді.

2. Салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқоры салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.

3. Салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорын қалыптастыру:

1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу;

2) салық төлеушіні:

дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде;

қосылған құн салығы бойынша;

2) тармақшаның төртінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне алу болып табылады.

4. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық төлеуші ретінде тіркеу:

1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына енгізуді;

2) салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорындағы тіркеу деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;

3) салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды.

5. Салық төлеушіні тіркеу есебі салық төлеушіні осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.

6. Салық органдарына:

1) уәкілетті мемлекеттік органдар;

2) осы Кодекстің 24-бабының 1) және 7) тармақшаларына сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

3) салық төлеуші ұсынған немесе мәлімдеген салық төлеуші туралы мәліметтер салық төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.

7. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:

1) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны - жеке тұлғаның тұрғылықты жері;