«Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 146 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32971 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:
5-тармақтың 3-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» (бұдан әрі - ХҚТ ТП) ақпараттық жүйесі арқылы жеке басты куәландыратын құжатты ресімдеген кезде уәкілетті органның қызметкері Қазақстан Республикасының азаматтарын олардың келісімімен, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды міндетті түрде «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өткізеді.»;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: