«Әкімдіктің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 498 Қаулысы

Әкімдіктің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 498 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5456 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 48, 53-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес табиғи резерваты шекарасының периметрі бойынша қорғау аймағының шекарасы;

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес табиғи резерваттың қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі.»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулы осы қаулының 1-қосымшасымен толықтырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.