Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығы
(2018.14.09. берілген толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 44-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесі бекітілсін.
2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.