«Өсімдік майларының және май-тоңмай өнімдерінің жекелеген түрлерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 16 қарашадағы № 406 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Өсімдік майларының және май-тоңмай өнімдерінің жекелеген түрлерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 16 қарашадағы № 406 бұйрығы

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Өсімдік майларының және май-тоңмай өнімдерінің жекелеген түрлерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Сапаров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция

министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Жасанды интеллект және

цифрлық даму министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

Министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2026 жылғы 16 қарашадағы

№ 406 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Өсімдік майларының және май-тоңмай өнімдерінің жекелеген

түрлерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.