«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 219 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № 208 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) ЖЖОКБҰ;
2) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы;
3) «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету әдістерін, мерзімін, нысанын және оны көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Негізгі талаптар тізбесі) осы бұйрыққа 2-қосымшада жазылған.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: