«Қазақстан Ресубликасының Ұлттық ұланын бейбіт уақытқа тамақтандырудың, азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-ас үйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтаудың арналған заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 420 бұйрығы (2021.14.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Ресубликасының Ұлттық ұланын бейбіт уақытқа тамақтандырудың, азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-ас үйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтаудың арналған заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 420 бұйрығы

(2021.14.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 752 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ішкі істер министрінің 2021.14.09. № 550 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында тамақтандырудың, азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-ас үйлік ыдыспен және азық-түлiк қызметінің техникасымен жабдықтаудың бейбiт уақытқа арналған заттай нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгілінген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

3. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қаматамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.