Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 439-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 68 бірлескен бұйрығы
(2024.19.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024.30.09. № 344-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.04.10. № 86 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023.16.01. № 13-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.18.01. № 4 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024.30.09. № 344-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.04.10. № 86 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес баға белгілеу бөлігінде ішкі сауда субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру парағы;
3) бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сауда базарларына, сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру парағы;