«Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығы (2025.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

«Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығы

(2025.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2023.20.06. № 498 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2023.20.06. № 498 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ішкі істер министрінің 2023.20.06. № 498 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған «Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-крииминалистикалық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.