(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖЕДЕЛ-ТЕРГЕУ БӨЛІМ...

 Осы редакция 2018 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 19 қаңтардағы

№ 56 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде

(экономикалық тергеу қызметі) біліктілік сыныптарын белгілеу

 қағидасы

 

1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) біліктілік сыныптарын белгілеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 22-1, 25, 27-баптарында көзделген ережелерді іске асыруға әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде біліктілік сыныптарын белгілеу және төмендету тәртібін айқындайды.

2. Заңның 22-бабының 8-тармағына құқық қорғау органдарына жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды тiкелей орындайтын лауазымды адамдарға біліктілік сыныптарын белгілеуге құқық беретiн лауазымдар тiзбесiн, өздерінің өкiлеттiктерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

3. Орта және аға басшы құрам лауазымдарына тағайындалатын адамдар оларға біліктілік сыныптар берiлгенге немесе мемлекеттік кірістер органдарының кадрларына қабылданғанға дейiн атқаратын лауазымы бойынша қызметтiк мiндеттерiн атқарады.

4. Заңның 22-1 бабына сәйкес, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері үшін мынадай біліктілік сыныптар және онда болу мерзімі белгіленеді:

1) орта басшы құрам:

6-санатты біліктілік сыныбы - 1 жыл;

5-санатты біліктілік сыныбы - 3 жыл;

4-санатты біліктілік сыныбы - 4 жыл;

2) аға басшы құрам:

3-санатты біліктілік сыныбы - бес жыл;

2-санатты біліктілік сыныбы - жеті жыл;

1-санатты біліктілік сыныбы - болу мерзімі белгіленбейді.

Біліктілік сыныптарды белгілеу реттілігіне байланысты біліктілік сыныптар алғашқы және кезекті болып бөлінеді.

6-санатты біліктілік сыныбы алғашқы біліктілік сыныбы болып табылады.

Кезекті біліктілік сыныптары алдыңғы біліктілік сыныптарында болу мерзімі өткеннен кейін реттілік тәртібімен белгіленеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.