«Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 50 шешімі (күші жойылды)

«Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 50 шешімі

 

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы № 212 шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 «Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4780 тіркелген, 2016 жылдың 22 наурызында аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

 

 

Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы

Р. Исаев

 

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Д. Молдашев

 

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының басшысының

міндетін атқарушы

Қ. Отаров

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.