«Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ осындай объектілердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 411 бұйрығы (2026.17.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ осындай объектілердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 411 бұйрығы

(2026.17.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2026.31.07. № 146 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2026.31.07. № 146 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің құрылысына жұмсалған шығындарының бір бөлігі өтелетін жол бойындағы сервис объектілерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.