Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 220 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 14) тармақшына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;