«Отырар ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидаларын бекіту туралы» Отырар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 48 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 126 Қаулысы
Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Отырар ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидаларын бекіту туралы» Отырар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 48 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6247-13 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Отырар ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Отырар ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
| К. Жолдыбай |
Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 15 мамырдағы
№ 126 қаулысы
2023 жылғы 3 наурыздағы № 48
қаулыға қосымша