ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.21.01. № 24 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.04.02. № 47 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 271 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен күші жойылды
«Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.04.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап - 10 (он) жұмыс күні, бұл ретте қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесінің ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалық жай-күйі (топырақтың мелиорациялық жай-күйі, бонитет балы және азықтық алқаптардың дақылдық-техникалық жай-күйі) туралы мәліметтер не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.