«Құқық қорғау органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де шешу үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 150, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1119, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 733, Қазақстан Респуликасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 21 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 41, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 128, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 215, Қазақстан Респуликасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 36 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Құқық қорғау органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздері бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 150, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1119, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 733, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 21 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12860 санымен тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: