«Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 164 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуы режимiне және оны тiркеуге қойылатын талаптар»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Тахографтарды орнату және пайдалану жөніндегі талаптар»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын сервис орталықтарына (шеберханаларға) қойылатын талаптар»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: