«2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/154-VIII шешімі (2025.25.12. берілген өзгерістермен)

2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/154-VIII шешімі

(2025.25.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

Абай облысы мәслихатының 2025.30.04. № 27/180-VIII шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.03.07. № 29/194-VIII шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.09. № 30/199-VIII шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.08.12. № 32/215-VIII шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2025.25.12. № 33/225-VIII шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 370 428 781,9 мың теңге:

салықтық түсімдер - 14 329 880,3 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 7 990 191,5 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 16 244,6 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 348 092 465,5 мың теңге;

2) шығындар - 371 889 447,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 28 842 947,0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 33 384 717,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 4 541 770,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -30 303 612,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 30 303 612,8 мың теңге:

қарыздар түсімі - 33 053 967,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 5 029 945,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 279 590,8 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.