Өңірлерде мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 527/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 9-4) тармақшасына сәйкес БҰЙРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес өңірлерде мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.