«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 707 бұйрығы

 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 707 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10764 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларында:

6-тармақтың үшінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат ұсынылады.»;

70-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«70. Некеге тұруға ниет білдірген адамдар неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеудің белгіленген күні жеке басты куәландыратын құжатпен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен тіркеуші органға келуі қажет.

Егер некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер дәлелді себептермен белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі олардың өтініші бойынша басқа уақытқа ауыстырылады. Белгіленген күні некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыратын адамдар не олардың біреуі дәлелсіз себептермен келмеген және некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін ұзарта отырып, өтініш туралы арыз болмаған жағдайда өтініш жойылуға тиіс.»;

72-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.