Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Жастар және отбасы істері комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 338 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
«Жастар саясатын үйлестіру басқармасы» деген бөлімде:
«реттеуші» деген кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу»;
«іске асыру» деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету;
мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар саясаты саласындағы қажетті ақпаратпен толтырылуынқамтамасыз ету;