«Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 262-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 159-НҚ бұйрығы

«Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 262-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 159-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 262-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34543 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында:

2-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) айналым қаражатын толықтыру - ішкі сауда субъектісі кредитінің оның мәлімделген қызметімен байланысты және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелген) Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Тізілімді жүргізу қағидалары) сәйкес Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды, шикізат пен материалдарды сатып алуға бағытталатын нысаналы мақсаты;»;

2) тармақша алынып тасталсын;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) банк - «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктік лицензия негізінде банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;»;

1-тармақтың тоғызыншы - он бірінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.