(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМНАН АНЫҚТАМА БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨ...

Осы редакция 2016 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 4 тамыздағы

№ 200 қаулысымен бекітілген



«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік қызметті «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 тіркелген) бекітілген. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі төмендегідей жүзеге асырылады:

1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - ХҚҚО) арқылы;

2) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

ХҚҚО-да- диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы анықтама беріледі.

Денсаулық сақтау ұйымдарында - нарколог-дәрігер диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы анықтама береді. Стандарттың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес нарколог-дәрігер мен медицина тіркеушісінің қолы қойылған және дәрігер мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсынуды тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) тіркелген анықтама беру.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.