Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 280 бұйрығы
(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.14.09. № 367 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.14.09. № 367 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.14.09. № 367 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті белгіленген заңнамалық тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;