«Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 119 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 90 бұйрығы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабы 14-7), 14-8) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10992 болып тіркелген, Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесінің 15, 16-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 119 бұйрығына келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне: (d15ks000119-мемлекеттік тілдегі мәтіні РҚАО-ға түспеген).
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 101-1 және 101-2-жолдармен толықтырылсын:
«
| 101-1 | Өрнек қаласы VIII-XII ғасырлар | археология | Т. Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылынан оңтүстікке қарай 6 шақырым |
| 101-2 | Қостөбе қалашығы VI-XII ғасырлар | археология | Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылынан шығысырақ |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлер 154-1, 154-2, 154-3, 154-4, 154-5, 154-6, 154-7, 154-8 және 154-9-жолдармен толықтырылсын:
«
| 154-1
| Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), 1980 ж. | қала құрылысы және сәулет | Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 шақырым |