«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 маусымдағы № 391 бұйрығы

 «Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 маусымдағы № 391 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 258 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1-тармағының төртінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

«6. Мемлекеттік қазынашылық органдары Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі - электрондық құжат айналымы) арқылы беретін бюджеттік есепке алу құжаттары Қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесі арқылы электрондық түрде қалыптастырылады, Мемлекеттік қазынашылық органдары мен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылады.»;

10-тармақтың он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

1-тармағының алтыншы абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

«осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесінде операциялық күннің жабылуы туралы есеп;»;

82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«82. 013 «Бюджеттік кредиттер» баланстан тысқары шотында республикалық бюджеттен берілген және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттері алған бюджеттік кредиттер, сондай-ақ аудандардың бюджеттеріне (облыстық маңызы бар қалалардың) облыстық бюджеттер берген бюджеттік кредиттер есепке алынады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшаларға орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

көрсетілген Қағидаларға 14, 15 және 16-қосымшаларға орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

1-тармағының он бірінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.