«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 63 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 63 бұйрығы

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының мемлекеттік және орыс тілдерінде үлгілік оқу бағдарламалары бекітілсін:

1) 6М030100 - Құқықтану (ғылыми және педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша магистратура үшін:

Ғылым тарихы мен философиясы;

Шетел тілі (кәсіби);

Педагогика;

Психология;

Құқықтың жалпы теориясының қазіргі заманғы мәселелері;

2) 6М030100 - Құқықтану (бейінді бағыт) мамандығы бойынша магистратура үшін:

Шетел тілі (кәсіби);

Менеджмент;

Психология;

Құқықтың жалпы теориясының қазіргі заманғы мәселелері;

3) 6М030300 - Құқық қорғау қызметі (ғылыми және педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша магистратура үшін:

Ғылым тарихы мен философиясы;

Шетел тілі (кәсіби);

Педагогика;

Психология;

Қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамаларды қолданудың теориясы мен практикасы;

4) 6M030300 - Құқық қорғау қызметі (бейінді бағыт) мамандығы бойынша магистратура үшін:

Шетел тілі (кәсіби);

Менеджмент;

Психология;

Құқық қорғау органдарын басқарудың теориясы мен практикасы;

5) 6D030100 - Құқықтану (ғылыми және педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша докторантура үшін:

Заң құқығының әдіснамалық мәселелері;

6) 6D030300 - Құқық қорғау қызметі (ғылыми және педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша докторантура үшін:

Құқық қорғау қызметінің жалпы теориясы.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

 

А. Дауылбаев

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының жанындағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.