Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 15 Қаулысы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |
2024 жылғы 25 қаңтардағы
№ 15 қаулысына қосымша
Облыс әкімдігінің кейбір жойылған қаулылардың
тізбесі