Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығы
(2025.01.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2022.30.11. № 919 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2022.30.11. № 919 бұйрығымен (2023 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің 2025.19.08. № 613 бұйрығымен (2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2022.30.11. № 919 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жедел-криминалистикалық департаменті (Қ.Қ. Аманқұлов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.Т. Жақыповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаментіне (Қ.Қ. Аманқұлов) жүктелсін.