(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ СЕРВИСТІК МОДЕЛІН ІСКЕ АСЫРУ ҚАҒИ...

Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығы

(2022.31.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспаларда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде баспа және электрондық түрде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісі эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталдарында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшылық ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.