«Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрығына және «Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 3 ақпандағы № 79 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15456 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авиациялық медициналық орталық (бұдан әрі – АМО) азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) авиациялық медициналық сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – әуе кемелерінің ұшуын орындауға және қамтамасыз етуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге тікелей байланысты тұлғаларды медициналық куәландырудан өткізуге, лицензиялар немесе біліктілік белгілерін алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен тағайындаған авиациялық медицина саласында даярлықтан өткен және практикалық дағдылары мен жұмыс тәжірибесі бар авиациялық медициналық сарапшы куәлігі бар дәрігер;
3) авиациялық медициналық сарапшының сертификаты (бұдан әрі – сертификат) – авиациялық медициналық сарапшыға медициналық куәландыру жүргізуге және медициналық сертификат беруге құқық беретін құжат;