«Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 376 бұйрығы

«Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 376 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы №446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15430 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағының 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларында:

4-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1) өртті сөндіру жетекшісі (бұдан әрі - ӨСЖ) - уәкілетті, жергілікті атқарушы органның және (немесе) кәсіби және салалық өртке қарсы қызметтің өрт орнына келген аға лауазымды тұлғасы;»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Шақыруларды қабылдауды және өңдеуді белгіленген тәртіппен Өрт байланысының орталық пункті (бұдан әрі - ӨБОП), өртке қарсы қызмет бөлімінің байланыс пунктінің (бұдан әрі - ББП) кезекші диспетчері (радиотелефонист) жүзеге асырады және оған мыналар кіреді:

ақпаратты қабылдау және тіркеу;

алынған ақпаратты бағалау және шығу кестесінде (күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарында) көзделген күштер мен құралдарды шақыру орнына жіберу туралы шешім қабылдау;

«дабыл» сигналын беру немесе өрт сөндіру бөлімін (бекетін), құтқару бөлімшесін радиостанция бойынша не басқа да қолда бар байланыс құралдары бойынша шығару;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.