«Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың ортақ сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» 2024 жылғы 24 шілдедегі № 57 және «Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 58 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 6 қазандағы № 133 бұйрығы

«Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың ортақ сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» 2024 жылғы 24 шілдедегі № 57 және «Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 58 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 6 қазандағы № 133 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34802 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шарты бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34803 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.