ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы
Осы редакция 2018 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақ тілі əліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі əліпбиі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Қазақ тілі əліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;
қазақ тілі əліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;