«Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидаларын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 15-05/864 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 10 қарашадағы № 402 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидаларын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 15-05/864 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 10 қарашадағы № 402 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидаларын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 15-05/864 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12564 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидаларында, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттарында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидалар пестицидтерді қолданатын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - пайдаланушылар), пестицидтерді өндіруді (формуляциялауды) және (немесе) әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ пестицидтерді өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - жеткізушілер), сондай-ақ тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Пайдаланушылар тыйым салынған пестицидтерді және олардан қалған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтерден қалған ыдыстарды жеткізушіге қайтаруды қамтамасыз етеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.