«Кемелерді жөндеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 201 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1299 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кемелерді жөндеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 201 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6938 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 маусымда № 86 (2076) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кемелерді жөндеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Кемелерді жөндеу қағидалары бекітілсін.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді жөндеу қағидасында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кемелерді жөндеу қағидалары»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының Кемелерді жөндеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы өзен флотының азаматтық кемелеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің жалпы талаптарын, ұйымдастыру мен жоспарлау принциптерін белгілейді.»;
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидалардың қолданысы ішкі су жолдарында пайдалануға арналған азаматтық өзен кемелерінің олардың ведомстволық тиістілігіне, меншік нысанына қарамастан иелеріне қолданылады.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:»;
30-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: