«Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXIX сессиясының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 207 шешiмi

«Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXIX сессиясының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 207 шешiмi

 

Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1750 болып тіркелген) шешiмiне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:

3-тармақ келесі мазмұндағы 14), 15), 16), 17), 18), 19) тармақшалармен толықтырылсын:

«14) бала (балалар) - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;

15) жетім бала (балалар) - ата-анасының екеуі де немесе жалғыз анасы (әкесі) қайтыс болған бала (балалар);

16) цифрлық құжаттар сервисі - «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

17) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесі» дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.